top of page

Нұраталды ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесі 2004 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен бекітілді. Кітапхана Нұраталды ауылының мәдениет үйінде орналасқан. Оның көлемі 120 ш/м.

Ауылда 814  тұрғыны бар. Кітапханаға 500-дей оқырмандар келеді. Кітапханада 25517 дана кітап қоры, оның ішінде қазақ тіліндегісі 14115 дана кітап. Оқырмандарға кітап берілімі 20925 дана, оқырмандардың келімі 10275. Жыл сайын мерзімді басылымға жазылу арта түсуде. 23 дана газет болса, 14 дана журнал бар.

 Интернет жүйесі іске қосылған. Бір компьютерге рабис бағдарламасы орнатылған.

 Қызығушылық клубы «Жас қалам». Мақсаты:  жас таланттарды келешекке бағдар беру, әр таланттың талабын көпшілікке паш ету. «Поэзия пайғамбары – Абай» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Кітапханада «Бүлдіршіндер қол өнері» атты үйірме бар.

Қызметкерлері:

Әбеу Саят Бейсенбекқызы Қарағанды мәдени-ағарту училищесін бітірген. Жиырма бес жыл еңбек етіп келеді. Білімі орта арнаулы.

Сағындық Жазира Мәжмиденқызы білімі орта арнаулы.

bottom of page