«Зар заманның айтулы ақыны» атты әдеби сазды кеші.
- Нұраталды кітапханасы
- 14 мая 2018 г.
- 1 мин. чтения
Бүгін Нұраталды ауылдық кітапхананын ұйымдастырумен « Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Шет ауданымыздың 90 жыл толуына орай, қазақ әдебиеті тарихындағы танымал тұлға, зар заман ағымының көрнекті өкілі, ақын, жырау Шортанбай Қанайұлының 200 жылдық мерейтойына арналған «Зар заманның айтулы ақыны» атты әдеби сазды кеші болып өтті. Кешке «Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, өлкетанушы, тарихшы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Шет ауданының Құрметті азаматы. С. Сейфуллин атындағы сыйлықтың, Қарағанды облысы әкімінің сыйлығының иегері –Кәмел Жүністегі,
«Шет шұғыласы» газетінің бас редакторы Садвақасов Мейрам Дәулетбекұлы, Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ директоры Нүрпейсова Мейрамкүл Сансызбайқызы және Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ директорының орынбасары Каратаева Салтанат Мағауияқызының қатысуларымен арналған әдеби сазды кеші болып өтті.
Кеште Шортанбай жыраудың өмірі мен дерегі,жыр толғаулары мәнерлеп оқылды. Сонымен қатар жазушы Кәмел Жүністегі, Шортанбай жырау жайлы жинаған деректерін көрермен қауымға аса бір тебіреніспен баяндап берді.
«Жас қалам» жас ақындар клуб мүшелерінің ақынға арналған өз шығармалары және шығармалары дыбыс жазбасы бойынша оқытылды.
«Қыдыр дарын, құт қонған киелі өлке» атты кітап көрмесі, баннер және жырауға арналған слайд көрсетілді.
Ауылымыздың бас имамы Қарсыбай Бәдел ақынға арнаған төрт шумақ өлеңін оқып, келген қонақтарға рахметін айтты. Жазушының иығына шапан жабылып ақынға құран бағышталды.
Қоңақтар алғыстарын білдіріп риза көңілмен тарасты.





























